Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
15-11-2021 10:57
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында онлайн режимде лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне Семей қаласынан 2  оқушы  қатысты.

Оқушылар белгіленген уақыт ішінде, бірнеше тілде деректерді қамтитын  тапсырмаларды талдап, шешті. Республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Шәкәрім атындағы  гимназияның 10 сынып оқушысы Ақылғалиева Аяжан ІІ орын, №28 орта мектептің 8 сынып оқушысы Төлегенова Хабиба ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарды   құттықтаймыз!