Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Халықаралық қыздар күні
11-10-2021 15:07
Халықаралық қыздар күні

2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық қыздар күнін жариялады. Осы уақыттан бастап 11 қазан күні Халықаралық қыздар күні аталып өтіледі. Бұл күн бүкіл әлемдегі қыздардың әлеуметтік проблемалары мен теңсіздіктеріне, айналадағы қоғамның әйел жынысына деген көзқарасымен тікелей байланысты мәселелерге назар аударту мақсатында таңдалды. Ондай мәселелердің қатарына білім алу, дұрыс тамақтану, медициналық қызмет көрсету мүмкіндіктері, әлеуметтік құқықтар, бала кезіндегі кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан және мәжбүрлі тұрмысқа шығудан қорғау сияқты басты сұрақтар кіреді.

Білім бөлімі әзірлеген іс-шаралар жоспары аясында мектептерде Қыздар күніне арнлаған сынып сағаттары, әңгімелер циклі, жыныстық тәрбие бойынша адамгершілік сабақтары, психолог сағаты, медицина қызметкерлерінің қатысуымен қыздарға арналған консультациялар, «Бантиктер мен бұрымдар күні» және суреттер сайысы, сонымен қатар басқа да іс-шаралар өтеді.