Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
ШҚО «Жас Қыран» ӘПК командасының «Айбын-2021» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімінеонлайн форматта қатысуы
07-10-2021 18:03
ШҚО «Жас Қыран» ӘПК командасының  «Айбын-2021» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты  ашылу рәсімінеонлайн форматта қатысуы

ШҚО«Жас Қыран» әскери-патриоттық клубы «Айбын-2021» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының онлайн-форматта салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

2021 жылғы 6 қазан мен 30 қараша аралығында әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері келесі байқауларға қатысады: «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Мейірімділік бірлігі» челлендждер байқауы, «Жас Сарбаз -Жас тілшісі» жас журналистердің медиа-байқауы, «Smart Sarbaz – 2021» өнертапқыштық конкурсы, «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны, «Саламатты Жас Сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету конкурсы, «Айбын жұлдызы» шығармашылық конкурсы, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар: белтемірге тартылу, арқаға жатып денені көтеру, АК-74 жартылай бөлшектеу және құрастыру, «Білім. Абырой. Жеңіс» финалдық ойыны.