Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
"Оқы және жеңіске жет" ІІ облыстық конкурсының қорытындысы
06-10-2021 11:34

2021 жылдың 17 қыркүйегінде "Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт" республикалық жобасын жүзеге асыру аясында 6-8 сынып оқушыларына арналған ІІ облыстық « Оқы және жеңіске жет »конкурсы өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты  -оқу мәртебесін арттыру, оқырмандық белсенділік және оқу сапасын жақсарту, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру болып табылады.

Оған облыстың 200 – ден астам жас оқырмандары 6-8 сынып оқушылары  қатысты. Жазғы демалыс кезінде оқушыларға ҚР БҒМ ұсынған кітаптар тізіміне енген шетелдік әдебиеттер мен қазақстандық авторлардың бірқатар кітаптары ұсынылды. Конкурс екі турда өткізілді: онлайн-тестілеу және эссе .

Конкурс екі турда өткізілді: онлайн-тестілеу және эссе байқауы.

Семей қаласының 15 оқушысы облыстық байқауға қатысты. Конкурс-викторина қорытындысы бойынша 9 оқушы жүлдегер атанды:

І орын: - Төлегенова Хабиба - №28 ЖОББМ 8 сынып оқушысы.ІІ орын: - Базарбай Жібек - №32 ЖОББМ 6 сынып оқушысы; - Аюпова Наталья – №28 ЖОББМ 8 сынып оқушысы; - Зайнулина Амина - №28 ЖОББМ 8 сынып оқушысы.ІІІ орын: - Павлова Ангелина - №28 ЖОББМ 6 сынып оқушысы ;  - Қайырханов Біржан-Түрксіб ЖОББМ 7 сынып оқушысы; - Мұратов Дарын-Түрксіб ЖОББМ 7 сынып оқушысы; - Алшимбаева Эльнара - №32 ЖОББМ 7 сынып оқушысы ; - Сағындық Айым - №32 ЖОББМ 8 сынып оқушысы.

2021 жылдың 29 қыркүйегінде Zoom платформасында конкурс жүлдегерлері үшін кітап авторлары - қазақстандық балалар жазушылары Ұларбек Қабдоллаұлы, Кәмшат Әбілғазықызымен кездесу ұйымдастырылды, онда балалар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алды.