Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу
06-10-2021 09:21
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу

Семей қаласы бойынша білім бөлімінің педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастыруы жыл сайынғы дәстүрге айналған. Осындай кездесулердің бірі Мұғалім күні қарсаңында № 3 ЖОББМ өтті. Кездесуге 15 ардагер жиналды - бұл бұрынғы мектеп директорлары және Семей қаласы білім бөлімінің ардагерлері. Кездесу барысында 90-ыншыжылдары, ел үшін қиын жылдары мектептердің қалай сақталып қалғандығы жөнінде әңгіме айтылды. Кездесу өте көңілді өтті: ән шырқалды, би биленді, педагогикалық өмір туралы қызықты әңгімелер айтылды. Кездесу соңында ардагерлерге білім бөлімі басшысының атынан алғыс сөздер айтылып, гүл шоқтары табыс етілді.