Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Мұғалім күніне орай қала педагогтерінің қала әкімі Б.Баяхметовпен кездесуі
01-10-2021 17:56
Мұғалім күніне орай қала педагогтерінің қала әкімі Б.Баяхметовпен кездесуі

Мұғалім Күні-бұл біздің еліміздегі ең танымал және сүйікті мерекелердің біріне айналған, жарқын күзгі мереке. Біздің әрқайсымыз өздерінің алғашқы мектеп күндерін, алғаш келген сыныбы мен бірінші рет мектеп партасына отырғанын және, әрине, өздерін алғаш рет білім әлеміне қадам жасатқан алғашқы ұстаздарын үлкен ықыласпен еске алады.

            Осы кәсіби мереке қарсаңында, 2021 жылдың 27 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен көрнекті қазақ ағартушысы, жаңашыл педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында мұғалімдер күніне арналған апта басталды.

            Іс-шараның негізгі мақсаты-педагог (мұғалім, тәрбиеші) мамандығының қоғамдағы мәртебесін арттыру, әрбір педагог өз оқушылары мен олардың ата-аналарының, әріптестері мен серіктестерінің алғысын, қолдауын сезіне алатын  ерекше мерекелік орта құру болып табылады.

            Мектептерде түрлі іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда: «Мұғалімді құттықта!», «Құттықтау ашықхаты», «Естелік фотосы», «Мұғалімге хат» акциялары,«Біз сіздерді жақсы көреміз!» бейнеролигі, сондай-ақ мектептің «Құттықтаймыз!» баспасөз қабырғасы ресімделіп, педагогтерді, педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтау рәсімдері өткізіледі.

            Семей қаласында жалпы білім беретін мектептерде 4241 мұғалім, мектепке дейінгі ұйымдарда 1072, қосымша білім беру ұйымдарында 352 қосымша білім беру педагогі жұмыс істейді.

                Жыл сайын біздің мұғалімдер "Ең үздік педагог" республикалық конкурсының жеңімпаздары атанады. Биылғы жылы "2021 жылдың Ең үздік педагогы" атағын Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның мұғалімі Дүрмекбаева Жанар Нурлыбековна иеленді.

            Мұғалім Күні мерекесі қарсаңында білім бөлімі қала әкімінің педагогтермен кездесуін өткізеді. Бұл кездесуге қаланың 30 үздік педагогі шақырылды. Олардың арасында педагогикалық еңбек ардагерлері, білім беру саласының құрметті қызметкерлері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері, сонымен қатар түлектері ҰБТ-да жақсы нәтижелер көрсеткен, олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстардың жеңімпаздары болған педагогтер, білім беру ісінің үздіктері, көпбалалы ана -педагог, орта жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қалалық ата-аналар кеңесінің өкілдері бар.

            Кездесуге қатысушылар педагогтің қазіргі қоғамдағы рөлі, оның құзыреттілігі, ұрпақтар сабақтастығы туралы айтты. Мұғалімнің қоғамның дамуындағы рөлі өте маңызды, себебі аға ұрпақтың өнегелі ісін, тәжірибесін қоғам дамуының жоғары деңгейінде қалыптастыра отырып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелейтін бірден-бір тұлға..

            Қонақтарды балабақша, балалар мен жастардың шығармашылық сарайының тәрбиеленушілері құттықтады.