Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Республикалық "Ұлы Өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
01-10-2021 17:51
Республикалық

2021 жылдың 29 қыркүйегінде онлайн режимінде "Ұлы Өнертапқыштыққа алғашқы қадам" Республикалық инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілікте жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау. Байқаудың облыстық кезеңіне 13-17 жас аралығындағы балалар көрсеткен 70-ке жуық шығармашылық жұмыс ұсынылды.

Семей қаласынан 19 оқушы қатысты. Олар мына мектептерден:  Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназиясы,  №6 Гимназиясы, №30 ЖОББМ, Ы. Алтынсарин атындағы №37 Гимназиясы,  №38 мектеп-лицейі, Экономикалық лицейі.

Байқау қорытындысы бойынша 10 оқушы жеңімпаз болып анықталып, дипломдармен, ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

І Дәрежелі дипломменмарапатталғандар:

- Такеева Балжан, Такеева Аружан -10 сынып оқушылары, №30 ЖОББМ.

- Пикулев Степан -  10 сынып оқушысы, Экономикалық лицейі.

ІІ Дәрежелі дипломмен: -

- Нұрланов Мұрат, Самархан Олжас-9 сынып оқушылары.Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназиясы.

- Кенжегазина Гүлім, Фархатқызы Анель-10 сынып оқушылары,Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназиясы.

ІІІ Дәрежелі дипломмен:

 - Қабышев Әлжан -9 сынып оқушысы, Ы . Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы.

 - Дәулелова Нұржамал, Құдайбергенова Камила-10 сынып оқушылары, Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназиясы.

 Облыстың 10 үздік жұмысы конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға жіберілді.

 

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Сәттілік және тағы да  жеңістер тілейміз!