Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Балабақша жағдайында «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудың ерекшеліктері
30-09-2021 16:11
Балабақша жағдайында «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудың ерекшеліктері

Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану заманында өз елін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын «Мәңгілік Ел» ұрпағын тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілердің  атқаратын рөлі өте зор.

«Балабақша жағдайында «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы өткен қалалық семинар-практикумде «Семей қаласының технология колледжі» мекемесі қарамағындағы «Немере» балабақшасының педагогтері «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын мектепке дейіңгі мекемеде насихаттау, іске асыру, оқу бағдарламаларын жүзеге асыруда инновациялық әдістер мен технологияларды, ұлттық ойындар мен шешендік өнерді қолдану туралы теориялық, тәжірибелерін атап көрсетті. Балабақша  педагогтары балалардың тілін, дүниетанымын, логикалық ойлауды  ұлттық  интеллектуалдық  ойындары (тоғызқұмалақ, дойбы, шешендік сөздер) арқылы тәрбиеленушілерінің білім-дағдыларын ұйымдастырылған оқу қызметтерінің үзінділерімен  қатысушыларды таныстырды.

Семинар соңында өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтарға әдістемелік әзірмелер  және білім  бөлімінің сертификаттары берілді.