Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Step by step» бойынша оқыту
24-09-2021 11:16
«Step by step» бойынша оқыту

Семей қаласында қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының сұранысы бойынша  2021 жылдың 21-24  қыркүйек күндерінің аралығында «Жаңартылған Step by step тәсілдерінің мазмұны бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда демократиялық білім беру топтарын құру» тақырыбында біліктілік арттыру курстары өтілуде. Курсты «Step by step» Қоғамдық қоры, «Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы өткізді.

Курста Қазақстан Республикасының үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі» негізінде оқу тәрбие үрдісіндегі жаңалықтар мен өзгертулер туралы, білім мен тәрбие берудің жаңаша әдістемелері 4К моделі және  т.б. жаңа ақпарат берілді.

Курс соңында тындаушыларға  халықаралық деңгейдегі сертификат тапсырылды.