Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Тілдер шеруі» айлығының қорытындысы
23-09-2021 15:17
«Тілдер шеруі» айлығының қорытындысы

Семей қаласының білім бөлімі, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тілдер шеруі» айлығы шеңберінде Жамбыл Жабаевтың 175  жылдығына орай «Өлең сөздің дүлділі – Жамбыл ақын» атты онлайн мәнерлеп оқу Акциясын ұйымдастырып өткізді. Акцияға  қаланың және қала маңындағы ауылдық мектептердің мұғалімдері мен  оқушылары, сонымен қатар неміс, украин және татар этномәдени орталықтарының мүшелері қатысты.

Акцияның ережесіне сәйкес қатысушылардың бейне-роликтері қаралып, жүлделі І орынды  Бегалин атындағы орта мектептің  4 сынып оқушысы Аманкелдинов Нұрсұлтан,    ІІ орынды  Знаменка жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Құдайбергенова  Айша,  ІІІ орынды № 35 жалпы орта білім беретін мектептің  9 сынып оқушысы Түйкенова Асылай иеленді.

Сонымен қатар, аталған акцияға ересектер арасынан белсене қатысқан Б. Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Нұрболат Шакимардан «Өнерлі ұстаз» номинациясымен, ал  осы шараға қатысқан ең кішкентай бүлдіршін Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2 сынып оқушысы Ырысқалиева Айару «Ең жас мәнерлеп оқу шебері» номинациясымен марапатталды.

Барлық қатысушылар, акция жүлдегерлері мен номинанттары  алғыс хаттармен және сыйлықтарымен марапатталды.