Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Бірге оқимыз»
20-09-2021 16:21
«Бірге оқимыз»

Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерімен онлайн режимде "Бірге оқимыз" жобасын іске асыру тақырыбында әдістемелік сағат өткізілді.

2020-2025 жылдарға арналған "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жөніндегі жалпықалалық кешенді жоспарына сәйкес, қаланың мектепке дейінгі ұйымдары балалардың кітапқа, оқуға қызығушылықтарын арттыру, ата-аналардың, педагогтардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

"№10 "Балбұлақ" бөбекжай-балабақшасы" КМҚК (Слободнякова С.М.), "Алтын бесік" бөбекжай-балабақшасы" ЖШС (Нугумарова А. О.), "Тұлпар" шағын-орталығы" ЖШС (Бекишева А. Б.), "№15 балабақша" КМММ (Тамабаева Г. Б.) мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері  қатысушыларға осы жобаны мектепке дейінгі мекемелерінде іске асыру бойынша жұмыс тәжірибелерін ұсынды.

Ай сайын мектепке дейінгі ұйымдар өз жобаларын ұсынып, жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, балаларға, ата-аналарға, педагогтарға көркем әдебиеттің қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ететін болады.