Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Менің бақытты отбасым» атты спорттық іс-шара
17-09-2021 15:27
«Менің бақытты отбасым» атты спорттық іс-шара

Қазіргі заманғы қоғамдық мәселелердің бірі  - балалалар мен жасөсіпірімдердің қимыл –қозғалыстарының  аздығы. Балалардың ауладағы ойын түрлерін телефон, планшет және компьютерлер ауыстырды. Ал күнделікті қимыл - қозғалыс – ол  адам денсаулығының кепілі. Сонықтан спорттық мерекелермен және қимыл -қозғалыс ойындары тек қана денені шынықтыру ғана емес және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Осы мақсатта 2021 жылдың 17 қыркүйегінде №12 «Ажар» бөбекжайында   Отбасы күніне орай   «Менің бақытты отбасым» атты спорттық іс-шарасы  өткізілді.  Бұл спорттық іс-шараға «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобынан  Серикгалиевтер отбасы, Тогисовтар отбасы , «Жұлдыз-ай» мектепалды даярлық  тобынан Калымовтар отбасы, Мұратқалиевтар  отбасы, ал «Талшын» ересек тобынан Иманалиновтар отбасы мен Кенжебаевтар отбасы қатысты.

      Спорттық іс-шара 6 кезеңнен тұрды:  «Таныстыру», «Теңбіл доп»,  «Мергендер», «Кім шапшаң?», «Көңілді эстафета», «Бәріміз бірге!»   Әр кезеңде доппен, шеңберлермен , секіргіштермен, самокаттармен ұйымдастырылған сайыстар өте көңілді, әрі қызықты болды.    Сайысқа қатысушы ата-аналар мен балалар ойын шарттары мен ережелерін сақтай отырып, тапсырмаларды мұқият орындады. Сайысқа қатысушылардың жеңіске деген құлшыныстары өте жоғары деңгейде болды.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды – «Жұлдыз-ай» мектепалды тобының командасы, ІІ орынды – «Қарлығаш» мектепалды тобының командасы, ІІІ орынды- «Талшын» ересек тобының командасы иеленіп, мадақтамалармен марапатталды.

Балабақша бүлдіршіндері мен ата-аналарына бүгінгі спорттық іс-шараға белсене қатысқандары  үшін және мерекелік көтеріңкі  көңіл-күй сыйлағаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!