Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
22 қыркүйек - қаланың мектеп парламенті президенттерінің Бірыңғай сайлау күні.
14-09-2021 16:07
22 қыркүйек - қаланың  мектеп парламенті президенттерінің Бірыңғай сайлау күні.

2021 жылғы 13 қыркүйекте Балалар мен жастар шығармашылық сарайының №1 корпусында кеңес өтті, оған қаланың 50 жетекші мектебі қатысты. Кеңес барысында мектеп парламенті мен "Жас Ұлан" балалар қозғалысының жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Тәлімгерлердің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі С.К. Кожебекова мектеп Парламенті Президентінің сайлау компаниясын өткізу алгоритмін ұсынды. 2021 жылғы 22 қыркүйекте қаланың барлық мектептерінде президенттерді Бірыңғай сайлау күні деп жариялау туралы шешім қабылданды. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының педагогы А. А. Ахметова кеңеске қатысушыларды "Жас Ұлан" ББЖҰ-ның жұмыс жоспарымен таныстырып, оқушылардың өзін-өзі басқару және "Жас Ұлан" ББЖҰ-ның ерекшеліктері туралы айтып берді.

Сондай – ақ, Тәлімгерлер Кеңесі құрамына сайлау өтті.  № 13 ЖОББМ тәлімгері Мөлдір Мұратқызы Аюпова Кеңесінің төрайымы болып сайланды.