Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы-үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі»
31-08-2021 11:21
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы-үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі»

Семей қаласының педагогикалық қызметкерлерінің         «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тамыз конференциясы аясында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы – үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында онлайн режимінде «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің секция отырысы өткізілді. Спикер ретінде «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері Н.Сакин (Семей қаласының №6 гимназиясы), Амагельдықызы Айнур (№41 ЖОББМ),  «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің қалалық ассоциациясының  жетекшілері М.Шакиртова (№38 ЖОББМЛ), Г.Торсықбаева (Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ) сөз сөйлеп, «Өзін-өзі тану» пәнінің құрымдылық-мазмұндық және әдістемелік акспектілері», «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі», «Өзін-өзі тану сабақтарында жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау», «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау» сияқты бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын қозғады.    

 Аталмыш іс-шараға қатысушылар «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқаулық хаты мен «Өзін-өзі тану» сабағының жоспарын құру бойынша әдістемелік ұсынымдарыментанысты. Іс-шара соңында педагогтер пікір алмасты және кері байланыс жасалды.