Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген қызығушылығын дамыту»
31-08-2021 11:01
«2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген қызығушылығын дамыту»
      Семей қаласының педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында онлайн режимінде «2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген қызығушылығын дамыту» тақырыбында мектепалды даярлық тәрбиешілерінің секциялық отырысы өтті. Отырыс барысында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепалды даярлық сыныбында балаларды көркем әдебиетке тарту» тақырыбында А.Шаризанованың (№7 ЖОББМЛ), «Ертегі терапиясы арқылы балалардың креативті ойлауын қалыптастыру» атты А.Оразтаеваның (№47 ЖОББМ), «Білім игеруге 6 қадам. Балаға ертегіні түсіндіруде Блум таксономиясының тиімділігі» тақырыбында А.Алтаеваның (№21 ЖОББМ) баяндамалары тыңдалды. Тәрбиешілер Садвакасова К.Ж., Бекжанова А.А. (№35 ЖОББМ) «Кішкентай әртіске арналған театр» жобасы бойынша жұмысы туралы айтып өтті. Адамзатова К. (№43 ЖОББМ) іс-шараның қатысушыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберіндегі ата-аналар мен балалардың бірлескен іс-әрекеті туралы бейнеролик ұсынды.
    Отырыста педагогтер мектепалды даярлық сыныптарындағы 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы ерекшеліктерімен танысты. Секциялық отырыс соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс орнатты. Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.