Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары»
27-08-2021 15:14
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін  дамытудың жаңа бағдары»

2021 жылғы тамыз конференциясы аясында "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудағы жаңа бағдарлары" тақырыбында онлайн режимінде мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің қалалық секциялық отырысы өткізілді. Секция жұмысына мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрады.                                                                                                                              

Секцияда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ағымдағы жағдайын талдау тыңдалды, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру, тәрбие-оқу процесін жетілдіру шеңберінде 2021-2022 оқу жылына арналған мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие-білім беру процесінің ерекшеліктері түсіндірілді, балалардың балабақшада қауіпсіз болуы, әдістемелік сүйемелдеу және педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мәселелері қозғалды.

"Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы" (А.Т. Кайдарова, "Ақылтай" б/б ЖШС) және "Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері" (М. Т. Кенжина, «№8 "Балбөбек" бөбекжай-бақшасы» КМҚК) республикалық конкурстардың қалалық кезеңінің жеңімпаздарына тамыз конференциясы аясында мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің секциясында өз қызметін таныстыру мүмкіндігі берілді.

Секция қатысушылары пікір алмасты, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді, сұрақтар қойды. Жұмыс қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.