Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
2020-21 оқу жылының қорытындылары бойынша дөңгелек үстел
15-06-2021 12:00
2020-21 оқу жылының қорытындылары бойынша дөңгелек үстел

14 маусым 2021 жылы білім бөлімі «2020-2021 оқу жылының қорытындылары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шәкәрім  атындағы Университеттің оқу процесін ұйымдастырудың директоры  У.Б Тлемисов., ПШО НЗМ  жаттықтырушысы - Д.Е.Үсенова, ата-аналар комитетінің төрағасы  Л.Отеуова қатысты.

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия директоры  А.М. Әубәкірова, № 19 мектеп директоры А.С. Ахмерова, № 41 мектеп директоры   А.Т. Түкенова   тәжірибелерін ортаға салып алмасты. Дөңгелек үстел жұмысына 24 мектептің директорлары қатысып өз ойларын ортаға салды.

Келелі мәселелер талқыланып, келесі оқу жылына міндеттер қойылды. Қашықтықтан оқыту жағдайында білім сапасын арттыру, Шәкәрім  атындағы Университетпен, Педагогикалық шеберлік орталығымен одан әрі бірлесіп жұмыс істеу үшін ұсыныстар әзірленді.

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия, № 19, 41 мектеп жұмысының  тәжірибесіне әріптестері қызығушылық танытты.

Нәтижелерді қорытындылай келе, көп жұмыс атқарылғандығы, қатысушылар  келесі оқу жылында өздеріне жаңа, қызықты нәрсе алғандары туралы атап өтілді.