Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Отбасы - үлкен бақыт» тақырыбында дөңгелек үстел
08-06-2021 14:51
«Отбасы - үлкен бақыт» тақырыбында дөңгелек үстел

    2021 жылы 7 маусымда қалалық  Достық үйінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде «Отбасы - үлкен бақыт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның мақсаты отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ана мен әке болудың беделін арттыру және отбасы институтының беделін нығайту болды.

       ҚХА мүшелері Г.Ахунжанов, О.Шәріпбаев, А.Губанов, сонымен қатар: Ашық ата-аналар университетінің модераторы, №6 гимназияның педагог-психологы Т.Қасымханов, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ұстазы, Қазақ әлеуметтік-мәдени орталығының өкілі А.Нұрланова, Семей қалалық сотының өкілі А.Абулкасимова, « Семей казактарының ШҚТС»ҚБ төрағасының орынбасары  Ю.Радионова, « Отбасы орталығы »ҚҚ атқарушы директоры Л.Асташкина, Семей қаласы ішкі істер басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Д.Амренова, татар қоғамдық орталығы  Шығыс Қазақстан облысының белсенді өкіліЗ.Макаевақатысты.

  Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Клиновицкая «Уют» балалар студиясы тәрбиеленушілерінің жұмыстарына шолу көрмесін ұсынды. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің шебері, «Айша бибі» қалалық қазақ мәдени орталығыныңқоғамдық бірлестігінің өкіліК.Төлеубаева өзінің авторлық туындыларын көрсетті.

        Іс-шараға қатысушылар отбасы институтын нығайту жұмысындағы мәселелерді талқылап, барлығын қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік негіздерін жаңғырту мен дамыту жолында күш біріктіруге,  ынтымақтастыққа шақырды.