Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Мың бала » Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңінің қорытындысы 2021 ж
08-06-2021 14:43
«Мың бала » Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңінің қорытындысы 2021 ж

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың "Ел Үміті" бастамасын іске асыру шеңберінде ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі өтті. Олимпиада  2021 жылдың  5 мамырында   барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Семей қаласының U-Study аймақтық тестілеу орталығы базасында өтті. Қатысушылар қазақ тілінде оқитын оқушыларға  қазақ тілінен, орыс тілінде оқитын оқушыларға орыс тілінен математикалық сауаттылық, ағылшын тілі және жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық білімді бағалау компьютерлік тестілеу арқылы болды.

Олимпиаданың мақсаты-ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.

Олимпиаданың II кезеңінің барлық қатысушыларына Елбасы академиясының birge Oqý онлайн-мектебінде тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Онлайн-мектепте еліміздің жетекші педагогтары математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен қосымша сабақтар өткізеді. Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: birgeoqy.kz.

Олимпиаданың ІІ кезеңіне Түрксіб және Жарқын ЖОББМ-нен 6 оқушысы қатысты. Олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша 2 оқушы: Жарқын орта мектебінің 5 сынып оқушылары Бақытғазы Нұрай және Мадияров Азамат жеңімпаз атанды.

 

Біздің жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және болашақта жоғары нәтижелер мен тағы да жеңістер тілейміз!