Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Жазғы мектептер»
04-06-2021 11:57
«Жазғы мектептер»

Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында барлық ниет білдірген білім алушыларды оқыту үшін 2021 жылғы 26 мамырдан 19 маусымға дейін мектептерде «Жазғы мектептер» жұмысын бастады.

«Жазғы мектеп» қашықтан оқыту кезінде оқу үлгерімі нашарлаған оқушылар олқылықтың орнын толтыруға сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

"Үлгерімі төмен балаларға көп көңіл бөлуіміз керек. Бізде әдетте талантты, дарынды, үлгерімі жақсы балаларға көп көңіл бөлінеді. Ондай балалармен жұмыс істеу оңай әрі қызық екені түсінікті, алайда бұл жағдайда басты назар үлгерімі төмен балаларға аударылуы тиіс", – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Қала бойынша 66 мектептен 7860 оқушы жазғы мектепке ниет білдірді. Оқушылары «Жазғы мектепке» көп қамтылған мектептер: экономикалық лицей,№6, №4,7,11,12, 15,28,30,31,33,48,49.