Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
5-9 сынып оқушылары арасындағы XVI республикалық "Тарих ата" қашықтық олимпиадасының қорытындысы
02-06-2021 15:46
5-9 сынып оқушылары арасындағы XVI республикалық

2021 жылдың 20-21 мамыр аралығында онлайн режимде 5-9 сынып оқушылары арасында XVI республикалық "Тарих ата" қашықтық олимпиадасының 2 туры өтті. Олимпиадаға қатысу тегін болды. Қатысушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша өз ойларын дамытуға және білімдерін тереңдетуге, өздерінің білім деңгейін бағалауға, сондай-ақ қателермен өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Олимпиаданың қорытынды турына 1-турдың I дәрежелі диплом иегерлері шақырылды.Бұл олимпиадаға Семей қаласының 38 оқушысы қатысты. Сондай-ақ, 2 тур тестілеу түрінде өтті, ал ең жоғары балл жинаған 8-9 сынып қатысушылары берілген тақырыпқа қосымша эссе жазды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 5 оқушы ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды:

         - Кәрімова Алуа - Ы. Алтынсарин ат. № 37 гимназияның 9 сынып оқушысы;

 - Токарева Анастасия - №29 ЖОББМ 9 сынып оқушысы;

 - Алтынбеков Нұрхан - №29 ЖОББМ 9 сынып оқушысы;

 - Темиргалиев Темірлан - №29 ЖОББМ 9 сынып оқушысы;

 - Сәбиева Аружан - №8 ЖОББМ 9 сынып оқушысы.

     Жүлдегерлерді құттықтаймыз және жаңа сәттіліктер мен жетістіктер тілейміз!