Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қала әкімімен жүлдегерлердің кездесуі
02-06-2021 14:44
Қала әкімімен жүлдегерлердің кездесуі

Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс әкімі Д. К. Ахметовтың  қатысуымен Халықаралық республикалық, ғылыми жарыстар мен зияткерлік олимпиадалардың, спорттық жарыстар мен шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары – облыстың үздік оқушыларының дәстүрлі кездесуі өткізіледі.

1 маусым күні Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысы  әкімінің атынанжүлдегерлерді марапаттау рәсімі өткізілді. Қала  әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов  балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады және олардың қол жеткізген жеңістеріне табыс тілеп, болашақта да үлкен жеңістер мен жетістіктер тілейтінін айтты. Семей қаласының35 дарынды оқушысына  грамоталар мен бағалы сыйлықтар(смарт сағат пен планшет) табыс етілді.

Сондай-ақ марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген - Республикалық "Ұлы даланың Ұлы Абайы" өнер байқауының  гран-при иегері,  Республикалық "Жыр жұлдызы-Фариза" ақындар айтысының жүлдегері, Халықаралық "Сәтбаев оқулары"ғылыми-практикалық конференцияның жүлдегері, Республикалық  туристік экспедиция "Менің Отаным – Қазақстан" слет отрядтарының жүлдегері - А. Байтұрсынов ат. № 47орта мектептің 10 сынып оқушысы Саматқызы Әдемі дарынды балаларды жетістіктерімен құттықтап, тағы да тамаша жетістіктер тіледі. Сондай-ақ, осындай мереке күні  балаларға ерекше назар аударып, тіліктері мен сыйлықтары үшін облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы мен осындай ұйымдастырылған кездесудегі ықыласты тілегі үшін қала әкімі Нұрымбет Аманұлына үлкен рахметін айтты.