Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
1 маусым – балаларды қорғау күні
01-06-2021 16:35
1 маусым – балаларды қорғау күні

1 маусым – балаларды қорғау күні, балдай тәтті балалықшақ мерекесі. Барлық балалар жаз мерзімін асыға күтеді. Себебі тек жайма шуақ жылы күндер ғана емес, сонымен қатар көптен күткен тамаша жазғы демалыс та басталады.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін есігін айқара ашып, табиғат қоршаған таңға жайып әлемде демалуларына мүмкіндік берді. Келушілер жануарларды, иісі аңқыған гүлдерді, әнші құстардың тамылжыған әуенін тамашалады. Табиғатпен қарым-қатынас адамдардың мейірімділік пен жауапкершілік сезімдерін оятады, ал балалар үшін бұл нағыз қуанышқа толы мерекеге айналды.

Біз сіздерді көзтартарлық табиғат аясында күтеміз! Бос уақыттарыңызды өздеріңіз және балаларыңыз үшін қызықты да маңызды өткізуге шақырамыз!