Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Жаздың бағдарлары»
27-05-2021 15:23
«Жаздың бағдарлары»

2021 жылдың  26 мамырында  коронавирустық пандемия жағдайы болғандықтан мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысын ұйымдастыру бойынша (онлайн, офлайн) көшпелі семинар-практикум өтті. Қарағайлы ормандағы табиғаты көркемжерде, қарт Ертістің жағалауында орналасқан қала сыртындағы «Жас Қанат» лагеріне  қала мектептерінің 45 Тәлімгері барды.

Жазғы сауықтыру лагерлерінің тиімділігі  сондай, балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен сауығуы үшін қолайлы жағдай жасау көбінесе мектеп жанындағы лагерьде өз жұмыстарын ұйымдастыратын  педагогтердің  біліміне, дағдыларына және шығармашылық жұмысқа дайындығына тікелей  байланысты. Міне, сондықтан да кадрлар даярлаумен және олардың кәсіби құзыреттерін арттырумен айналысу өте маңызды.

Семинар жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан басталды, оны Семей қаласы ТЖ Басқармасы азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері капитан Асқаров Димаш Николаевич өткізді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері манекен арқылы  жарақат алу, күйік алу, аллергиялық реакциялар кезінде суда зардап шеккендерге алғашқы көмек  беру кезіндегі іс-әрекетті көрсетті.

«Міне, біздің балаларымыз үшін көптен күткен сәт жазғы демалыс – уақыты  ұмытылмас әсер қалдырады деген сенімдеміз. Сонымен қатар, үйде, көшеде, демалыс лагерлерінде оқушылардың қауіпсіз жүріс - тұрысы-бұл ата-аналар, педагогтар мен барша жұртшылық үшін жауапты мәселе", - деді Семей қаласы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің тәлімгерлері Ескендирова Қымбат Елеусізовна. Қымбат Елеусізовна  жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде педагогтарға басты назар аударуды қажет ететін негізгі мәселелерге тоқталды.

Семинар барысында мектеп жанындағы лагерьлерді ұйымдастыру бойынша №37 гимназия,  № 19 ЖОББМ, №22 мектеп-лицейінің жұмыс тәжірибесі тыңдалды, практикалық блокта тәлімгерлердің командалары жұмыстың инновациялық түрлерін пайдалана отырып, мектеп жанындағы лагерьдің апталық жұмыс жоспарын әзірледі және семинар қаланың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін онлайн қарау қорытындысы бойынша мектептерді марапаттау рәсімімен аяқталды.Балалардың әлеуметтік-маңызды және ерікті қызметке қатысуы үшін жағдай жасағаны, мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруының оң имиджін қалыптастырғаны және «Жас Ұлан»  қалалық ББЖҰ қызметіне белсенді қатысқаны үшін:

Гран – При «Үздік оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы»–

№ 22 мектеп-лицейі

1 орын - № 49 ЖОББМ, Ж.Аймауытов атын., № 37 Гимназия

2 орын - № 19, №28, Озерскі ЖОББМ

3 орын – Б.Исадилов атындағы.,  № 40 ЖОББМ

«Үздік  тәлімгерлік жасақ» номинациясы бойынша  № 1 ЖОББМ;

«Біз көшбасшы болуды үйренеміз!» номинациясы бойынша  №3, №32 ЖОББМ

«Белсенді жұмыс істейтін көшбасшыларды қолдау үшін» номинациясы бойынша  № 6 Гимназия, № 7 мектеп-лицей, № 9,18 ЖОББМ, ЭЛ.

«БИС технологиясы бойынша оқушылардың өзін-өзі басқару тәжірибесі»  номинациясы бойынша № 43 ЖОББМ.

Сондай-ақ, «Жас Ұлан»  ББЖҰ РҚБ 10 жылдығына байланысты білім бөлімінің грамоталарымен қала мектептерінің ең белсенді тәлімгерлері марапатталды.

Тәлімгерлер семинарға мынандай баға берді -  «Көшпелі семинар сәтті өтті, балалардың демалысы қандай болуы керек деген ойды олкеремет, толыққанды, белсенді, танымды болғанын қалаймыз!» деп ұсынды.