Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысу қорытындысы
27-05-2021 10:01
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысу қорытындысы

Республиканың барлық аймағында 2021 жылғы 19 мамырда онлайн режимде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.

Облыстың дарынды балалары, 7-8 сынып оқушылары математика, физика, биология, география, химия, информатика пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Республиканың өңірлер рейтингісінің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы екінші орынды иеленді.

 А. Байтұрсынов атындағы №47 мектептің 7 сынып оқушысы Жеңісқазина Еңлік география пәні бойынша 1 орынға ие болды.

Олимпиада жеңімпазын, ата-анасы мен мұғалімін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!