Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Қалдық тұрмыстық заттарды бөлек жинау және ата-аналарды, еріктілерді тарту бойынша экологиялық тәрбие» атты семинар
26-05-2021 16:15
«Қалдық  тұрмыстық заттарды бөлек жинау және ата-аналарды, еріктілерді тарту бойынша  экологиялық тәрбие» атты  семинар

Мамыр айының 26 жұлдызында  қаламыздың Білім бөлімі мен «Отбасы» орталығының ұйымдастыруымен  «Қалдық  тұрмыстық заттарды бөлек жинау және ата-аналарды, еріктілерді тарту бойынша  экологиялық тәрбие» атты  әдіскерлерге, тәрбиешілеріне арналған қаламыздың МКММ «№15 балабақшасы» «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» тақырыбында практикалық семинарда өз жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Балабақша ұжымы жан-жақты, жыл бойы жасалған іс шараларын, іс –тәжірибелерін ата-аналармен, балалармен, қоғамдық жұмысқа ерікті түрде қатысқандарды жайында тоқталып өтті. Пластик бөтелкелер мен қағаз қалдықтарының еріктілер мен ата-аналардың жинағанын айтып өтті.

№15 балабақша  ұжымының басты міндеті - ресурстарды үнемдеудің тиімді құралы ретінде қалдықтарды бөлек жинауға оң көзқарас қалыптастыру.

Сонымен қатар балабақша аумағындағы отырғызылған жасыл- желек  жайына тоқталды. Бұл балабақша неше жылдардан бері «Үздік балабақша аумағы», «Қыс қызығы» қалалық сайыстардан «Үздік» иегерлері. Семинар жоғары деңгейде өтті.

 

   Балабақша ұжымына сәттілік тілейміз.