Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Мектеп директорларымен ведомствоаралық кеңес өткізу туралы Ақпарат
26-05-2021 12:09
Мектеп директорларымен ведомствоаралық  кеңес өткізу туралы Ақпарат

2021 жылғы24 мамыр күні терроризм, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, оған прокуратура, ІІБ, ТЖ өкілдері, директорлар, психологтар, мектептің әлеуметтік педагогтері, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторлары шақырылды.

Кеңес барысында барлық ведомство өкілдері сөз сөйлеп, қатысушыларды білім беру мекемелеріндегі ағымдағы жағдаймен таныстырды. Кеңеске қатысушылар әрі қарай орындау үшін келесідей ұсынымдар әзірледі:

  • Білім бөлімінің тәрбие жұмысы, қамқоршылық және қорғаншылық секторларына, білім беру мекемелерінің басшыларына:

- жазғы кезеңде балалардың демалуы мен сауықтырылуын, қамқорлықтағы, патронаттық тәрбиедегі сәтсіз отбасылардан шыққан балалардың, «қатер тобындағы» оқушылардың жұмыспен қамтылуын тұрақты бақылауда ұстау;

- әлеуметтік желілерге зорлық-зомбылықты, суицидті, басқа да келеңсіз құбылыстарды насихаттайтын сайттар тұрғысынан үнемі мониторинг жүргізу;

  • Білім бөліміне 5 маусымға дейін қала сыртындағы лагерлердің жазғы маусымға дайындығы бойынша қабылдауын жүргізу;
  • Мектеп директорларына:

- мектеп жанындағы лагерлердің, жазғы алаңдардың жұмысын, Жазғы мектептің өткізілуін ұйымдастыру;

- мектеп директорларына «қатер тобындағы» балаларға ата-аналар қоғамдастығы қатарынан тәлімгерлерді, мұғалімдерді бекіту;

- ата-аналарды «Ата-ана бақылауы» қызметіне қосу бойынша жұмысты күшейту»;

- ТЖ-мен бірлесіп су айдындарында, өрт кезінде қауіпсіздік бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу;

- 15 маусымға дейін мобильді топ мүшелерімен, білім бөлімінің қорғаншылық секторымен бірлесіп, қамқорлықтағы және патронаттық тәрбиедегі балалары бар отбасыларға рейдтер жүргізу;

  • Мектеп директорларына терроризмге қарсы қорғау мақсатында:

-15 маусымға дейін балалардың мектепте болу кезеңінде мамандандырылған күзетпен шарттар жасасу, бейнебақылау жүйесі бойынша ескертулерді жою, турникеттер орнату;

- 2021 жылғы 1 шілдеге дейін металл детекторлар сатып алу, ішкі құлақтандыру мәселесін пысықтау;

      - «Дабыл батырмасының» үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

     Семей қаласының полиция басқармасына білім бөлімімен бірлесіп, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтерін жүргізуді жалғастыру.