Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Биологиялық орталықтағы соңғы қоңырау!
25-05-2021 10:06
Биологиялық орталықтағы соңғы қоңырау!

Семей қаласының балалар биологиялық орталығы оқу жылына қорытынды жасады, 819-дан астам балалар экологиялық-биологиялық бағыттағы 57 үйірмеде оқуын аяқтады. Жыл бойы оқушылар тірі табиғаттың қайталанбас жұмбақ әлемінің қыр-сырын таныды: қызықты танымжорықтар, жануарлар, флора мен фаунаның таңғажайып әлемітуралы фильмдер, туған өлкенің тарихы туралы әңгімелер, қаланың көрнекті жерлері, халықтық салт-дәстүрлермен әдет-ғұрыптар. Сонымен қатар оқу жылында жас натуралистер қаншама зерттеулер мен тәжірибелер жүргіздідесеңші!

Бүгінгі таңда орталықтың жас натуралистері экологиялық мәселелерді шешу үшін алдымен туған өлкенің экологиялық жағдайын зерттеп, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінеді.

Биологиялық ғылымдарға аса құштар балалар жыл бойы түрлі деңгейдегі байқауларға қатысты. Экологиялық-биологиялық бейіндегі қосымша білім беру бағдарламаларын үздік игергендері және орталықтың қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары үшін 101 тәрбиеленуші құрмет грамоталарымен марапатталды, 41 тәрбиеленушіге «2021 жылғы байқау жеңімпазы», 87 тәрбиеленушіге «2021 жылғы байқау жүлдегері» атақтары берілді. Мониторинг қорытындысы бойынша үйірмелерге қатысатын жас натуралистер арасында «2021 жылғы үздік жас натуралист» атағын «Жас зерттеуші» үйірмесінің тәрбиеленушісі Жибек Тусупаева иеленді.

Орталықтың үйірмелеріне балалардың қатысуын ұйымдастырып, биологиялық орталықпен бірлесін жұмыс істегендері үшін №47, №12, №34, №18, №11 жалпы білім беретін орта мектептерінің биология мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.

Оқу жылы аяқталысымен 2 маусымнан бастап биологиялық орталық қыздар мен ұлдарға жазғы экологиялық лагерьдің есігін айқара ашуға дайын. Оқушыларды біздің аймақтың флорасы мен фаунасын зерттеу бойынша табиғатқа қызықты экскурсиялар, орталықтың жануарларымен қарым-қатынас, олардың биологиясын зерттеу, ойындар, тренингтер күтіп тұр, сонымен қатар балалар қалаладан тыс жерде таза ауада дем алып, денсаулықтарын нығайтады. Ал үйірмелерге қатысатын жас натуралистер үшін туған өлкенің қала сыртындағы аймақтарының табиғи кешендерін зерттеу бойынша кезекті көшпелі оқу-зерттеу экспедициясы өтеді.

Балалардың табиғат аясында серуендеуі әр баланың жан дүниесін табиғатпен қарым-қатынасқа ашады, сұлулықты сезінуге, немқұрайдылықты жеңуге және әлемді құтқарушыларды тәрбиелеуге үйретеді деп сенеміз.