Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қала мектептерінің ата-аналар қауымдастығы және директорларының ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшыларымен кездесуі
Қала мектептерінің ата-аналар қауымдастығы және директорларының ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет,  «Шығыс – адалдық  алаңы» жобалық кеңсесінің басшыларымен кездесуі

2020  жылдың 19 мамыр күні жалпы орта білім беретін мекеме директорлары мен ата-аналар қауымдастығы «Семей  қаласының  білім беру ұйымдарында заңсыз ақшалай қаражат  жинаудың алдын алу» тақырыбында тікелей эфирде мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Р. Набиевпен, «Шығыс – адалдық  алаңы» кеңселік жобасының  басшысымен,  облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бақыт Маржанмен, Семей қаласы білім бөлімінің басшысымен тікелей эфирде кездесуі өтті.

Ата-аналар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарының кез-келген түріне, аббаттандыруға, пердеге, жалюзге, кеңсе бұйымдарына, оның ішінде оқу жылының аяқталу және мектеп бітіру кезеңінде – мектепке естелік сыйлыққа, гүлге және тағы басқа көптеген себептермен заңсыз ақшалай қаражаттың жиналуына жол бермеу бойынша шараларды кұшейту сұрақтары қарастырылды. «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту, мекемелерде қолайлы жағдайлар туғызу, сондай-ақ қоғамдық бақылауды күшейту сынды сұрақтар қарастырылатын бөлігіне қатысушылардың басты назары аударылды.

Егер ата-аналардың мектепке немесе балабақшаға материалдық көмек көрсету тілегі болса, онда олар өздерінің демеушілік жарналарын әрбір білім беру мекемесінде Қамқоршылық кеңесінің бақылауымен ашылған арнайы шотқа аудара алады.    

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Р. Набиев тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарын бұлжытпай орындау жөнінде ұсыныстар берілді.

Осындай кездесулер әлі де бірнеше мәрте білім бөлімінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында тікелей эфирде өткізілетін болады және ата-аналардың сұрақ қою мүмкіндіктері бар.  

Кездесу соңында ата-аналар шақырылғандар мен білім бөліміне бірлескен жұмыстары үшін алғыс айтты.